Қостанайдың Қарамырза ауылында 39 үйді су басты
Қостанай облысының Қарасу ауданында Тінтуір өзені арнасынан асып, Қарамырза ауылындағы 39 үйді су басты. Жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі 69 адамды эвакуциялаған. Үш жүзден астам үй жануары қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, тасқыннан ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандардың айтуынша, су деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілген. 8 мотопомпаның көмегімен тұрғын үйлерге кірген су сорылып, құрғатылып жатыр. Қазір елді мекенде 7 техника мен 32 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілікте тұр.
Ал осы ауданның Ильичев ауылында К-744 тракторы аударылып, ішінде болған төрт адамның үшеуі қаза тапты. Ауыр техника су басқан көтерме жолмен жүріп бара жатып жиегіне құлап, суға батып кеткен.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03