Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қазақтың ақыны Есенғали Раушанов дүние салды. Ақынның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Осыған өзгеше ақын Facebook-те Айт-Ман Нұржан деп қол қоятын Светқали Нұржан былай деп жоқтаса:
Уа, көшті!Көшті деймін Есен ағам,Сумиып қала барды көсе-ғалам...Не айта алам, Көкмойнақ-жыр түн ішінде,Кісінеп: «Ием қайда?» - десе маған?..Талантты ақын Серік Ақсұңқар:Терісіне тер сіңбей,О да кетті мына жерді жерсінбей.Біздің ел де қызық ел ғой, жүретінЖетесізі-жетелісін теңсінбей! – деп күңіренді.
Есенғали Раушановты Әбіш Кекілбаев былай деп бағалаған екен:
«Жүрісі-тұрысы нар тайлақ сияқты болғанымен, бойында көш бастайтын көсем түйенің мінезі бар. Шаңырақ артсаң – шақпайтын, кебеже артсаң – сындырмайтын, тең артсаң – түсірмейтін, алтын артсаң да ауырсынбайтын қазақтың нағыз атанжілік ақыны».
Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Жаратқанның алдында бәріміз бірдейміз. Дегенмен ерек таланттардың тастап кететініне ішің ашиды...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14