Cәуір айында Шымкентте КВИ жұқтырғандар саны 4,5 есеге өскен
Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда Шымкент қаласында коронавируспен ауырғандар саны 4,5 есеге өскен. Эпидемиологиялық зерделеу барысында науқастанғандардың үштен бірі ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Ал қалғандары карантиндік сақтық шараларын сақтамағандар. Олар қауіпті вирусты ірі сауда орындары, дүкендер мен базарларда және қоғамдық көліктерде жұқтырған. Сондай-ақ соңғы кездері инфекция жұқтыру дерегі мекемелер мен ұжымдарда көптеп тіркелуде. Қазір шаһардағы 31 мектепте оқу процесі тоқтатылып, карантинге жабылды. Жыл басынан бері 300-ден астам оқушы жұқпалы ауруға шалдыққан. Сондай-ақ 58 медициналық мекемеде инфекция ошағы табылып, науқастанған 86 дәрігер оқшауланды.
Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:Сонымен қатар Шымкент қаласындағы ауырған науқастар ішінен британиялық, оңтүстік африкалық және бразилиялық өте ауыр түрлері анықталып отыр. Бұл тікелей өлім жағдайына әкелетіні мәлім.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14