Алматы облысында 4 оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды
Алматы облысында төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. 54 жастағы азаматтың ісіне қатысты сараптамалар аяқталды. Прокурорлар айыптау актісін қылмыстық істі қарау үшін №2 аудандық сотқа жіберген. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі, яғни, мас күйінде екі немесе одан да көп адам өліміне алып келген көлік құралын басқарды деген айып тағылып отыр. Егер қылмысы дәлелденсе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының тұрғыны мас күйде рульге отырып, жол бойындағы төрт баланы қағып кеткен еді. Алған жарақатынан екі жасөспірім ауруханада көз жұмды. Ал екеуінің жағдайы қазір жақсы.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14