Алматы облысында шалғайдағы ауыл тұрғындары жаппай екпе алуда
Алматы облысының шалғай елді-мекендерінде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығынан 320 шақырым жерде орналасқан Бақанас ауылында тұрғындар өз еріктерімен екпе алып белсенділік танытуда. Қазіргі таңда 30 мың халқы бар Балқаш ауданының 2 мың тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алды. Жалпы ауданда 4 стационарлық және екі жылжымалы екпе пункті қызмет көрсетуде. Ал Алматы облысы бойынша екпе алғандар саны 140 мыңнан асты. 20 мың тұрғын вакцинаның екінші компонентін салдырған.
Дәурен Иманәлиев, Балқаш аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Екпеге халық өзі келіп жатыр. Құйған ауылына барып салғанымызда 200 адам келді. Халық өздері түсініп, вакцинасыз бұл ауруды тоқтату мүмкін еместігіне көздері жетіп жатыр.
Нәзипа Ақылбаева, Бақанас ауылының тұрғыны:
Енді бұл індет тоқтау үшін барлық халық вакцинаны алу керек шығар. Содан кейін де бұл індеттен құтылатын шығармыз. Әйтпесе өзі тегі ұзарып кетті ғой. Осы індет вакцинаны алғаннан кейін тоқтайтын шығар деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08