Елімізде Қытай технологиясымен әзірленген араб вакцинасын алуға болады
Бүгіннен бастап, елімізде Қытай технологиясымен әзірленген араб вакцинасы қолжетімді. Осылайша қазақстандықтар QazVac пен Спутник V-ден бөлек Синофармды да салдыра алады. Ел алдында есеп берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазір АҚШ-пен де келісім жүріп жатқанын айтты.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Вакцинаны елімізде білім алып жүрген шетелдік студенттер мен уақытша тіркеуде тұрған мигранттар да тегін салдыра алады. Қазір екпенің екінші компонентін алғандар үшін электронды паспорт дайын. Ол шетелдік сапарда жарамды бола ма жоқ па деген мәселе әлемдік деңгейде шешімін тапқан жоқ. Әзірге екпе төлқұжаты ел ішінде ғана назарға алынбақ.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Биыл 1 шілдеден бастап вакцинация төлқұжатын «Ашық» қосымшасында енгізу шаралары жүзеге асады. Сондай-ақ төлқұжатпен бірге жылу карталары енгізіледі. Бұл адам көп шоғырланған орындарды анықтауға, пандемия кезінде қаланың белсенділігін талдауға арналған жүйе.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Сондай-ақ министр былтыр ана өлімінің 2,6 пайызға, жүрек қан тамыры ауруларынан болған өлім саны 15 пайызға көбейгенін айтты. Бұған коронавирустың тікелей ықпалы бар дейді. Сондықтан биыл оңалту шараларына, қымбат медициналық қызметтердің қолжетімді болуына ерекше көңіл бөлінбек. Жиында министр маскасыз режимге қашан көшетінімізге де тоқталды.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың кем дегенде 60 пайызы екпе салдыруы керек. Тек осыдан кейін ғана бетпердесіз жүруге рұқсат беру қарастырылады. Отандастарымыз өз жауапкершілігін сезініп, өзінің, жақындарының қауіпсіздігін ойлап, иммуниттеттің қалыптасуына өз үлесін қосады деген үміттеміз.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Министр елде төтенше жағдай жариялау мәселесі қарастырылмағанын айтты. Ондай жағдай ауруханалардың толымдылығы 70 пайызға жеткенде ғана мемлекеттік деңгейде шешіледі. Қазір емдеу мекемелерінің 42 проценті науқастармен толыққан.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03