Алматы облысында полиция бөлімінің басшысына қызметтік тексеру басталды
Алматы облысы, Ақсу ауданы полиция бөлімі басшысының қызметкерлерімен дөрекі сөйлесіп, балағаттаған сөздері жазылған видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Сондай-ақ ауданның бас полицейі мас күйінде қарамағындағы тәртіп сақшыларымен түнде көше кезіп, тұрғындарды қорқытқан. Қазір облыстық полиция департаменті ішкі қызметтік тексеру жұмыстарын бастады. Кадрларды желіге салған басшысының бейәдеп қылықтарына шыдамаған қызметкерлердің бірі болуы керек. Себебі барлық видео полицейлер кеудесіне тағатын арнайы құрылғыға түсірілген.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру барысында полиция департаментінің басшылығы лауазымды тұлғаның іс-әрекеттеріне принципиалдық баға беретін болады. қызметтік тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12