Шымкентте карантин талабын бұзған дүкен мен ойынхана анықталды
Шымкентте карантин талабын бұзған азық-түлік дүкені мен компьютерлік ойынхана анықталды. Сауда орны уақыттың шектелгеніне қарамастан түнгі сағат 11-ге дейін жұмыс істеген. Оның үстіне сатушы санитарлық сақтық шараларын мүлдем ұмытып, бетперде тақпаған күйі қызмет көрсеткен. Сондай-ақ дүкенде келушілердің дене қызуын өлшейтін құрал, антисептик болмаған. Ал мобильді топ барғанда компьютерлік ойынхананың терезелерін қараңғылап алған клуб ішінде 20-ға жуық жасөспірім ойын ойнап отырған. Енді кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданылады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14