Алдын ала болжам: Киіктер найзағай түсіп қырылған
Батыс Қазақстанда киіктердің неден қырылғанын анықтау үшін облыстық жедел штаб құрылды. Кеше Жәнібек ауданының Қайрат ауылы аумағында жүздеген бөкеннің жайрап жатқаны анықталған еді. Ресми мәлімет бойынша, жаңбыр суы жиналған шағын каналға найзағай түсіп, 372 бас бөкен өлген. Терісін тесіп өткен найзағай ізі анықталған. Ал кейбірі бірден өлмей, жүріп бара жатып құлаған. Өлекселерден сынама алынды. Нақты себебі зерттеуден соң белгілі болады.
Арман Ізімғалиев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының бас маманы:
Болжам бойынша киіктердің қырылу себебі ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Киік ұшалары, яғни төшкелерінде найзағай разрядымен зақымдану фактісі анықталған. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында киіктің төшкелері жойылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05