Павлодарда апатты үйлер жылдар бойы сүрілмей келеді
Павлодарда 44 үй апатты жағдайда. Олардың біразы 70 жыл бұрын салынған ағаш үйлер.
Апатты деп танылған үйлердің тұрғындары әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен алты жылдан бері нәтиже жоқ. Ескіні бұзып, жаңа үй саламыз деген уәделерінен танбай келеді. Ал, екі қабатты үйлер кәріз бен жылу жүйесіне, не орталық су құбырына қосылмаған. Өрт шықса қаусап тұрған ағаш баспаналардың түгі қалмайды. Тұрғындар мәселе шешілмесе көшеге шығып, жолды жабамыз деп отыр.
Гауһар Кәрібаева, қала тұрғыны:
19-да кетеді, одан 21-де кетеді деді. Енді 23-те кетеді деген, қазір 25-ке кетіппіз. Ай сайын жылжи береді. Сүру деген жоқ. Енді бұны кімнен сұрауымыз керек. Құдай сақтасын бала-шаға бар. Міндетті түрде біреу өлу керек пе?
Жансерік Қапзолла, қала әкімдігінің баспасөз қызметінің бас маманы:
Ескі үйлерді кезең-кезеңімен бұл «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін жалғастырылатын болады. «Затон» шағын ауданындағы ескі үйлерді бұзу және аталған учаскелерде тұрғын үй салу жобасы жеке инвесторларға да ұсынылды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53