Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Қызылордада түн ортасында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Жалын екінші қабаттағы пәтерде тұтанған. Ең бірінші көмекке патрульдік полиция инспекторлары жеткен. Сақшылар пәтердің есігін бұзып, түтінге тұншыққан 54 жастағы әйелді сыртқа алып шыққан. Өрт сөндірушілерді күтпей, шұғыл әрекет еткен полицейлер осылайша бір адамды өлімнен құтқарды. Оқыс жағдай кезінде бір подъездің тұрғындары түгел эвакуацияланды. Артынша тілсіз жауды өрт сөндірушілер сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15