Талдықорғанда қойма өртенді
Талдықорғанда қойма өртенді. Өрт 500 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған.
Құтқарушылардың диспетчерлік пунктіне таңғы 5.40-та қоңырау шалынған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарып, қызыл жалынның басқа да тұрғын үйлерге өтіп кетуіне жол бермеді. Құтқарушылар ғимараттан төрт газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққанын жылжымалы зертхана мамандары анықтап жатыр.
Азамат Ержанұлы, ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:
Өрт тараған аумақ – 495 шаршы метр. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 40 қызметкері мен 9 бірлік техника тартылды. Сондай ақ жедел әрекет ету қызметтерінің мамандары жұмылдырылды. Өрттің басқа ғимараттар мен тұрғын үйлерге таралуына жол берілген жоқ.
Петропавлда көпқабатты үй өртенді. 150 шаршы метр аумақ күлге айналды.12 адам эвакуацияланды.Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі есептеліп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14