Хоккей: Бүгін Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді
Хоккейден де Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында рекорд орнатты. Біздің құрама сенбі күні Италия хоккейшілерінен 11:3 есебімен басым түсті. Латвияда өтіп жатқан байрақты бәсекедегі ең ірі есепті тіркеді. Әлем біріншілігі қыза түскен. Қазақстан кезекті ойында жеңгенімен, өзге қарсыластары да ұпайын еселеді. Төрт жолдамадан сегіз құрама үмітті екенін ескерсек, әзірге Юрий Михайлис шәкірттерінің жарысты жалғастыру мүмкіндігі жоғары. Оның үстіне мұз айдынының қожайыны Латвия соңғы ойында Финляндиядан жеңілді. Бүгін кешке Қазақстан Норвегиямен матч өткізеді. Бұл ойынды «Qazsport» арнасынан тамашалай аласыздар.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14