Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлері жұмыстан кетіп жатыр
Петропавл ауыр машина жасау зауытыныңқызметкерлері жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Өйткені ақпан айынан бері жалақы алмаған. Зауыттың көпшілік алдындағы берешегі 100 млн теңгеден асады.
Григорий Ерков, дәнекерлеуші:
Адамдар жұмыстан кетіп жатыр. Жыл басында ғана ұжымда 700-дей қызметкер болған. Қазір шамамен 200 адам қалды. Зауытта ешқандай жұмыс жоқ, ештеңе шығарылып жатқан жоқ. Таңертең келіп, кешке үйге қайтамыз. Зейнет жасына жақындағандар ғана қалды, жастар кетті.
2018 жылы республика қазынасынан 4,4 млрд теңге бөлініп, зауытты қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.Бірақ шетелден әкелінген қымбат қондырғылар әлі күнге іске қосылған жоқ. Облыстық еңбек инспекциясының мамандары зауытта тексеріс жұмыстары басталғанын айтады. Ал әлеуметтік желілерде нысанның сатуға қойылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Азат Көшербаев, Еңбек инспекциясы басқармасыныңбөлім басшысы:
Жүргізілген тексерулер бойынша жұмыс беруші 100 АЕК-ке айыппұлған ілінген болатын. Бүгінгі күні зауыт қаржылық қиындықтарды басынан өткеруде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15