Қарағандыдағы көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам көз жұмды
Қарағандының орталығындағы көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам көз жұмды. Екі бөлмелі пәтердің қабырғалары жарылып, есік терезесі сынған. Үй ішінен ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар 10 шақты адамды сыртқа шығарып үлгерді. Өзге зардап шеккендер жоқ. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.
Қызылорда облысы, Қожакент ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде де газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. 55 жастағы әйел мен алты жасар қызды қатты күйік шалып, олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді.
Оқыс оқиға кеше кешкілік болған. Ас әзірлейтін бөлмедегі 27 литрлік үлкен газ баллон жарылған. Қызыл жалыннан әйелді 80 пайыз, жасөспірімді 50 пайыз күйік шалған. Жағдайлары ауыр. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05