Қостанай облысында екі адамды қасқыр талаған
Қостанай облысында ауыл ішіне қасқыр кіріп, екі адамды талаған. Оқыс оқиға Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш елді мекенінде болды. Алдымен түз тағысы 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап беріпті. Екеуінің де қол - аяғын тістелеп тастаған. Көмекке келген жергілікті тұрғындар қасқырды атып өлтірді. Сол күні ауыл ішінде одан басқа тағы бір түз тағысын көргендер бар. Қасқырға таланған екі адам жедел аудан орталығына жеткізілген. Сол жерде дәрігерлер жарақаттарын таңып, он күн екпе белгілеп үйлеріне қайтарыпты. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты, медицина мамандарының бақылауында.
Бидагүл Елемесова, Қарақоға ауылының тұрғыны:
Бие саууға кіргенде ол да артымнан кірді. Мен оны аңғармадым. Сосын қасымда айыр бар екен, айырды алып ем, секіріп айырды ұшырып жіберді де мені құлатты.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08