Алматы облысының тауларында сел жүрді
Алматы облысының тауларында қатты жаңбырдан кейін тағы да сел жүрді.
Лай-батпақ аралас тасқын Сарыөзек-Көктал тас жолында, Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылының маңынан кешкі 17.00 шамасында ағып өткен. Көпірдің асты/ селмен аққан ағаштармен бітеліп, батпақ жолдың үстіне жайылған. Тас жолдың жабындысына зиян келген жоқ. Қазір мамандар жол сапасын тексеріп, хаттама толтыруда. Айта кету керек, Алматы облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауып, сел жүру қаупі арта түскен. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға барынша сақ болуды ескертеді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14