Қостанай облысында пойыз жолаушысының 117 млн теңгесі ұрланды
Алматы – Қостанай пойызында 22 жастағы бойжеткеннің 116 900 мың теңгесі ұрланған. Кеш түскесін ұйықтап кеткен жолаушы «Жақсы» станциясында оянғанында ақша салынған сөмкесінің жоғалғанын байқайды. Дереу көлік полициясы департаментінің қызметкерлеріне хабарласқан. Полиция тәжірибелі қызметкерлерден жедел – тергеу тобын құрып, жақын маңдағы теміржол көліктері мен елді мекендерде іздестіру шараларын жүргізген. Соның арқасында куәгерлер табылып күдіктілердің фотороботы жасалды. Арада сегіз күн өткенде ұрылар табылды. Олардан 12 млн 620 000 теңге мен 198 мың 500 АҚШ доллары тәркіленді. Қалған ақшаны екі көлік сатып алуға жұмсап үлгеріпті. Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14