Аралда төтенше жағдай жариялау мәселесі қаралып отыр
Қуаңшылықтан тарыққан аралдық шаруаларға төрт-түлікті аман алып қалу үшін 7500 тоннадай шөп қажет. Арал ауданында 234 мың бас мал көкке жарымай тұр. Бүгінде күн тәртібінде өңірде төтенше жағдай жариялау мәселесі қаралуда. Жыл басынан бері 500-ге жуық ірі мал қуаңшылықтың салдарынан далада аштан қырылды. Маусым айынан бастап аралдық шаруаларға облыс төңірегінен шөп келе бастады. Жоңышқаның бір бумасы 1100 теңгеден саудаланды. Ірі шаруашылықтар тасымалдаушылармен тікелей келісіп, қажетті қорын алдыртып жатыр. Ал азын-аулақ тұяқ ұстаған тұрғындарға жем-шөптің бағасы тым қымбат. Сондықтан жергілікті билік ауданға мал азығын арзан бағамен жеткізу үшін төтенше жағдай жариялау мәселесін қарауда.
Арыстан Омаров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Төтенше жағдай жариялау бойынша соның заңдылығы қаралып жатыр. Аудан әкімінің өзінің резерві бар. Осындай жағдайларда жұмсайтын қаржы. Заңға сәйкес, жанар-жағармайдың құнын арзандатуға жұмыстар атқарылуда.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00