Қарағандыда 33 жасар жігіт аялдамада тоқ соғып қайтыс болды
Қарағандының Майқұдық ауданындағы «Горняк» аялдамасында 33 жастағы жігіт тоқ соғып қайтыс болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы осыны көрсетті. Куәгерлердің айтуынша, жігіт аялдама маңындағы дүңгершектің сүйенішінен ұстай бергенде тоқ соққан. Қазір бұл маң арнайы белгімен қоршауға алынды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін, сол ауданнан 6 маусым күні 36 жастағы әйелдің мәйіті табылған еді. Бірақ сараптама нәтижесі оның жүрек ауруынан қайтқанын анықтаған.
Бақыт Молдашева, қала тұрғыны:
Ана дүкенге барып бұлай ұстай бергенде ұшып түсті. Ұзыннан түскен бетте орыс жігітк еліп кеудесінен басып көмектесіп жатыр екен, баланың іші істі де кетті. Ешқандай көмек болмады, халық бетіне су құйды, қасық әкеліп тілін шығарды, бірақ ешкім құтқара алмады.
Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Жәбірленушінің өлімі тоқ соғу салдарынан болғаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізуде. Бұған дейін сол ауданнан 36 жастағы азаматшаның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес ол азаматшаның өлімі жүрек ауруынан екені анықталды. Сондықтан азаматшаның өлімі тоқ соғудан болды деген қауесет жоққа шығарылады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05