Түркістан облысында жоғалған туристер: тағы бір адамның мәйіті табылды
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен туристердің бірінің мәйіті табылғанын Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты барлау нәтижесінде Мақпалсай шатқалынан тапқан. Әзірге белгілі ақпарат бойынша, опат болған жігіт 2004 жылы туған. Оны әкесі таныған.
21 мамырда жеті турист Түркістан облысы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне саяхатқа шыққан, уақытында оралмағасын, іздеу басталған. Үш күннен соң жетеудің үшеуі құтқарылды, одан соң екі мәйіт табылды. Ал кеше табылған алтыншы адам. Ол денесі алдында табылған екі азаматтың бірінің інісі. Жетінші адамды іздеу тоқтамайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14