Өскеменде жатақхананың төбесі опырылып түсті
Өскеменде екі қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті. Тұрғындар соңғы жылдары жатақхана ретінде пайдаланып жүрген ғимарат 70 жыл бұрын салынған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 адамды эвакуациялады. Басқа тұрғындар өз күштерімен шығып үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ескі үйде барлығы 50-ге тарта адам тұрып жатқан. Кешеден бері олар туған-туыстарының үйін паналап жүр. Арнайы құрылған комиссия ғимараттың жағдайын тексеріп жатыр.
Аяулым Мұсанова, қала тұрғыны:
Ұлымды суға жұмсағанмын. Бірдеме тарс етіп құлады. Содан мен білдім, бұл құлағалы тұрған. Айғай салдым, ұлым қалып қалды деп. Шығып қарасам, қап-қара, түк көрінбейді, жерге құлаған. Ұлым ары жаққа қашып үлгерген. Қайта қызым да сыртта болған, үш балам бар. Содан далада тұрыңдар деп, өзім кішкентай баланы әрең алып шықтым.
Айбек Салбанов, Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
Мұндай жағдай болғанның себебі, бұл үйдің төбесі бір уақыттан бері жөнделмеген. Тұрғындар қаржы жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болған. Сол жөнделмегендіктен, төбеден су аққан, сосын опырылды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05