Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт 5 адамды бытырамен атып кетті
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды бытырамен атып кетті. Жедел жәрдем оқ тиген 20 -24 жас аралығындағы азаматтарды дереу аудандық ауруханаға жеткізді. Оқ екеуінің аяғына, біреуінің ішіне тиген.Олар орталық аудандық медициналық мекемеде. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында жатыр. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Гамзад Мұсаев, қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі:Түскен кездегі жағдайы бір науқастың ауыр болған. Операцияға алынып ота жасалынып, миына операция жасалынып миындағы ұйыған қан алынып бүгінгі жағдайы жасалған операцияға сай. Есінде. Жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты. Екінші науқас консервативно операциясыз емделіп жатыр. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр.
Полицияның мәліметі бойынша, атыс ауыл жастарының өзара ерегісінен кейін болған. Текетірестен соң 22 жастағы жігіт көлікпен қайта оралып, бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген.
Ардақ Мәдімаров, облыстық ПД криминалдық полиция басшысы:Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Cәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05