Арал ауданында төтенше жағдай жарияланатын болды
Ал Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланатын болды. Бүгінде топырақтан алынған соңғы сынамалардың нәтижесі шықты. Құрғақшылықтан кеуіп кеткен жердің құнарлылығы небәрі 2 пайыздан аспайды.
Яғни, топырақта шөп шығатын нәр жоқ екені ғылыми негізде анықталып отыр. Бүгінде, барлық құжаттар құзырлы мекемеге жолданып, алдағы бірер күнде Аралда төтенше жағдай жарияланатын болады. Жыл басынан бері ауданда 500-дей мал қуаңшылықтан қырылды. Тақырға айналған жайылымдарда 250 мыңға жуық төрт-түлік көкке жарымай жүр. Малды сақтап қалу үшін 9 мың тоннадан аса жем-шөп қажет. Әзірге, соның 15 пайызы жеткізілген. Мамандар есебі бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 800 миллион теңгеге жуық қаржы қажет.
Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:
Жариялаған жағдайда біз бірінші кезекте, Сырдария арнасынан Бұрмақұлақ арнасын бөгеу арқылы, суды өткізу арқылы Ақшатау көлдер жүйесін, Қамбаш көлдер жүйесін суға толтыруды жоспарлап отырмыз. Және 15 елді мекеннің аумағына 15 су ұңғымасын қазу бірінші кезекте тұр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15