УЕФА Еуропа чемпионатының финалын стадионнан 60 мыңнан астам адам тамашалай алады
Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионына Еуропа чемпионатының жартылай финалы мен финалы кезінде 60 мыңнан астам фанат кіре алады. Мұны Британия үкіметі мәлімдеді. Жаңа ережеге сәйкес, шілденің 11-де аяқталатын үш матчтың барысында, бұл стадион кемінде 75 пайызға толуы керек. Ал, қолында билеті барлар оған кіру үшін вакцина алғаны туралы анықтамасын көрсетуі керек. Немесе қолында коронавирус тестінің теріс нәтижесін көрсететін қағазы болуы тиіс.
Айта кетейік, УЕФА шетелдік жанкүйерлер үшін карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі бойынша/ корольдік басшылығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12