Алматы облысында аймақтағы 71 ауылға жаңа әкім сайланады
Алматы облысында 253 ауылдық округ болса, солардың 71-інде биыл жаңа әкім сайланады. Ал Маңғыстау облысы бойынша 12 ауылдық округте сайлау өтеді. Қазір сайлау учаскелерінде дайындық жұмыстары басталып кетті. Ауылдағы ағайын өз елді мекендерінің басшысын таңдау құқығына оң көзқараспен қарап, бұл бастамаға қолдау білдіріп отыр.
Ләззат Тоқтамысова, Мұқыры ауылының тұрғыны:
Ауылға әкімді халқының өзі сайлағаны дұрыс. Өздерінің жағдайын білетін, ауылдың баласы болатыны тіпті дұрыс. Әкім бол, халқыңа жақын бол деген. Әкім болғаннан кейін жақсы болу керек. Халықпен тығыз байланыста болу керек. Халықтың жағдайына қарау керек.
Орынхан Нұртаев, Мұқыры ауылының тұрғыны:
Халыққа билік беріп отыр. Бұл енді бірден бір өзгеріс деп ойлаймын. Бір жағынан жергілікті азаматты сайлаудың бір себебі халықтың ой деймін. Бұл жергілікті азамат кішкене алдына қойған мақсаты, жауапкершілігі көбейеді.
Оңайбай Әбдірахманов, Түпқараған ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз:
Оның ең тиімді жерінің біреуі халықтың арасынан шыққаннан кейін, халықтың бәрі біледі, түсінікте болады, бірлікте болады. Өзінің атқарып жатқан жұмыстарын, жетпей жатқан тұстарын халықпен ақылдасып, пікірлесіп отыратын болса, қазіргіден әлде қайда жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12
ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға оқыту жобалары жалғасып жатыр
18.09.2026, 17:10
Халық кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері кіреді
18.09.2026, 17:07
Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
18.09.2026, 17:05