Алматыда бір үйдің үш адамы дәретхана шұңқырына түсіп мерт болды
Алматыда бір үйдің үш тұрғыны дәретхана шұңқырына түсіп мерт болды. Қайғылы оқиға кеше кешкі 8-дер шамасында қала іргесіндегі Абай ауылында болған. Алдымен кәріз құдығына 1 жасар қыз бала құлап кеткен. Артынша оның 12 жастағы ағасы, кейін әкесі, сосын әжесі көмекке ұмтылып, бәрі улы газға тұншығып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, 4 адамды да шұңқырдан алып шықты. Алайда ер адам ғана аман қалды. Қалғандары жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Қазір 41 жастағы азамат ауыр халде ауруханада жатыр. Мамандардың мәліметінше, тереңдігі үш метр дәретхананың жартысы қалдыққа толы болған. Адамдарды құтқару үшін полицейлер де кәріз құдығына түскен.
Ерсін Смағұлов, патрульді полиция полкінің қызметкері:
Шақыртуға келген кезімізде 4 адам, бір еркек кісі тұншығып жатқанын көрдік. Сол кісіне құтқаруға екі буран 54 жәрдемге келіп, сол кісіні құтқарып үлгердік. Оның артынан кішкентай баланы алып шығып үлгердік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05