«Қазақстан барысы» турнирін «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді
4 шілдеде Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Қазақ күресінен Елбасының жүлдесі үшін болатын дәстүрлі жарыс биыл оныншы рет ұйымдастырылмақ. Биылғы турнир Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқанның 150 жылдығына арналып отыр. Сондықтан, жарыстың жүлде қоры да қомақты.
Бақдәулет Сәбитов ,«Qazaq kuresi» қауымдастығының спортты дамыту директоры:
Бірінші орын иегеріне 25 млн теңге. Бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге беріледі деп бекітілген.
Турнирге елдің әр аймағынан іріктелген 37 балуан қатысады. Олардың 11-і алғаш рет бақ сынамақ. Нұр-Сұлтан қаласының қызыл аймақта болуына байланысты, залды толық толтыруға тыйым салынған. Сондықтан бұл турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде таратады.«Qazsport» жарысты бастан-аяқ тікелей эфирде берсе, Ұлттық арна 17:00-ден бастап финалдық бәсекелерді көрсетеді.
Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы:
Бұл «Қазақстан барысы» басталғаннан бері сол кешегі 10-15 жасар балалар қазір қатысып жатыр. Сол кішкентай кезінен көріп өскен балалар. Сол балаларға сәттілік тілеймін. Бұл Қазақ күресін ел болып көтеруіміз керек деп ойлаймын.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03