Қостанай облысының Торғай өңірінде жай түсіп, дала өртенді
Қостанай облысының Торғай өңірінде 600 гектардан астам жер өртеніп кетті. Даланың өрті жаңбыр жаумай жай түскеннен басталған. Алдымен от Аманкелді ауданының аумағында тұтанған. Кейін Жанкелдин ауданындағы Алтын Дала резерватының аумағы жанған. Өртті сөндіруге қос ауданның төтенше жағдай қызметі, резерват қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Арада тек алты күн өткенде ғана тілсіз жаудың беті қайтты. Алайда әлі толық сөнбеген. Сондықтан қазір оттың қайта тұтануына жол бермеу үшін өрт шыққан жерде кезекшілік ұйымдастырылды.
Асланбек Теміров, ТЖД өртті бақылау басқармасының бастығы:Қатты соққан құрғақ жел өртті сөндіру кезінде үлкен қиындық тудырды. Елсіз дала болғандықтан от тұтанған жерге адам мен техниканы жеткізу де оңай болмады. Ең бастысы өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. От - шабындықтар мен тұрғындардың шауып, тасымалдауға дайындап қойған шөптеріне жетпей өшірілді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03