Қызылорда облысында кене шаққан 11 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды
Сыр өңірінде кене шағу дерегі азаймай тұр. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам зиянкестерден зардап шеккен. Ал кене уынан соң жағдайы нашарлаған 11 науқастан Конго-Қырым қанды безгегі анықталған.
Абырой болғанда, кене шаққандар дер кезінде дәрігерге қаралып, аман қалды. Қазір 10 науқас толық емделіп, үйіне шығарылды. Біреуі әлі ауруханада. Жалпы облыста 113 елдімекен қолайсыз аймақ санатына енген.. Әсіресе, Қызылорда қаласының аумағында, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында кенеден келетін қауіпті аурудың ошақтары тіркеліп отыр.
Айман Жанахаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша биылғы жылы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалыптасып отыр. Қазіргі таңда, 10 науқас өзінің тиісті емдерін қабылдап, үйлеріне шығарылды. Бір науқас жағдайы қанағаттанарлық. Шиелі ауданында тиісті медициналық емін қабылдауда.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15