Маңғыстау облысында той, садақаға барғандарға да айыппұл салынады
Маңғыстау облысында бүгіннен бастап той-садақа жасағандармен қатар, оған келгендер де жазаланады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, енді жиынға барған әр тұрғынға 80 мың теңгеден айыппұл салынады. Жергілікті билік ақыры осындай қадамға баруды ұйғарды. Өйткені, жиын-той тоқтамай тұр. Ал, эпидемиологиялық ахуал сағат сайын нашарлап барады. Коронавирус жұқтырғандар саны соңғы 1 аптада 2 мыңға жуықтаған. Жансақтау бөлімінде 107 науқас жатыр. Сондықтан аймақта мониторингтік тексеру күшейтілді. Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілген. Нәтижесінде 57 хаттама толтырылды.
Анар Шамшадинова, мониторинг тобының мүшесі:Н2О түнгі клубына бардық. сол жерде бір 2-3 сағаттай тұрдық. Музыка ойнап жатыр, есік қағылса оған ешкім жауап бермейді. Бұл есікті еріксіз ашуға тура келді. Өйткені, ішінде азаматтардың барлығы туралы, көңіл көтеру кешінің өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп жатты.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15