Токио Олимпиадасы: Ескекші қыздарымыз жарысты ширек финалдан аяқтады
Токиодағы спортшыларымыз бүгін сайыстың бес түрі бойынша бақ сынады. Алдымен, ескекші қыздар жарыс жолына шыққан. Алайда, каноэ мен байдаркада есуден 200 метр қашықтықта сынға түскен Маргарита Торлопова жарысты ширек финалдан аяқтаса, 500 метр қашықтықта жарысқан Наталья Сергеева да жартылай финалға жете алмады.
Ал, велотректен спринт бойынша жарысқан шабандозымыз Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен аса алмады. Ол 29-шы орыннан көрініп, жарысты ерте аяқтады.
Түстен кейін қоржынымызға тағы бір медаль түсті. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта қола жүлде ұтып алды. Ол жартылай финалда америкалық Ричард Торрезбен қолғап түйістірген. Кездесуде өте белсенді бастаса да, екінші раунд соңында нокдаун алып қалды.
Осы соққыдан кейін Қамшыбек жарақат алып, үшінші раундта жарыс тоқтатылды. Осылайша, ол өзі қатысқан алғашқы олимпиадада үшінші орын иеленді.
Еркін күрестен сынға түскен Нұрислам Санаев бір күнде үш кездесу өткізіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін иеленді. 57 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарысты сәтті бастап, ширек финалда әлем чемпионы жапониялық Юки Такахашиді ұтқан. Бірақ, жартылай финалда үндістандық Рави Кумарға есе жіберді. Нұрислам кездесуде 9:2 есебімен алға да шыққан, алайда аяғынан жарақат алып қалды.
Осыдан кейін үнділік балуан түрлі әдіске көшіп, Нұрисламды таза жеңіп кетті. Енді Санаев ертең Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі. Қарсыласы ертең белгілі болады. Ертең сондай-ақ жарыстың 10 түрі бойынша 14 отандасымыз ел намысын қорғайды.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03