Павлодардағы қарттар үйінде тексеріс басталды
Павлодар қаласындағы қарттар үйінде қызметтік тексеріс басталды. Себебі, мемлекеттік мекемеде антисанитария, мүгедектерді бүрге талап, төсек-орын ауыстырылмайды деген хабарлама әлеуметтік желіде тарап кетті. Тіпті, асханадағы әбден ескіріп, сынған ыдыстардың да суреті жарияланды. Сондай-ақ 160 адам тұратын мекемеде түнгі кезекшілікке екі-ақ санитар қалатыны, олардың мүгедектерге қызмет көрсетуге үлгірмейтіні жазылған. Автордың өзі осы мекемеде жұмыс істейтіндіктен есімін жарияламаған.
Гүлнәр Камалова, Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары:Біздің басқарма тарапынан комиссия құрылды. Оған тәуелсіз мекемелерден қызметкерлерді тарттық. Айналасы екі күннің ішінде нәтижесін жариялаймыз. Бұл мекемеде жақында директор ауысқан. Мәселенің бір шеті содан да болуы мүмкін. Негізі бұл жерде қарт адамдар мен мүгедек жандардың тағдыры тұр. Сондықтан тексеру барынша ашық түрде жүргізіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15