Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина алмағандар - министр
Тамыз айында еліміз бойынша вирус жұқтырудың өсімі баяулағаны байқалады. Ал елордада эпидахуал ептеп тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі айтты. Алексей Цойдың сөзінше коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина алуға асықпай жүргендер екен. Ауруға шалдыққандардың небәрі 0,1 проценті ғана екпе салдыртқан. Өкінішке орай коронавирустан қайтыс болғандардың да басым көпшілігі вакцина алмаған,-дейді министр
Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі:Вакцинаның бірінші дозасын салдыру бойынша Маңғыстау облысы артта келеді. Қазіргі таңда 33,1 пайызды көрсетіп отыр. Аймақтар вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтылып отыр. Жеткізу де кестеге сай жүзеге асырылып отыр. Эпидемиологиялық жағдайды, «дельта штаммының» таралуы мен вакциналаудың таралуын ескере отырып,біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз деп айтуға болады.
Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:Вакциналау қарқынын күшейту қажет.. Барлық өңірде эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау қажет. Ашық қосымшасының қолдану аясы кеңейіп келеді. Олардың саны 5 есеге - 21 мыңнан 101 мыңға дейін көбейді. Бұл бизнестің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Ashyq» қосымшасын қолдану аясын одан әрі де кеңейту қажет.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03
«Ұмай» ипотекасы: 20 млрд теңгеге 850 сертификат берілді
03.11.2026, 20:00