АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
Америкалық әскерилер Иранның Ормұз бұғазындағы Кешм аралына соққы берді. Ақпаратты АҚШ-тың ресми өкілдері растады. Бұл бұғаздағы сауда кемелеріне Иранның шабуылын тоқтату үшін жасалғанын мәлімдеді. Ал The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, нысандарды дәлдеп атқан. Яғни, ауқымды әскери қимылдар болмаған. Дегенмен көптеген шетелдік басылымның хабарлауынша, АҚШ Ирандағы нысандарға соңғы апталарда осыған ұқсас шабуылдарды жиілеткен. Алайда бұл туралы жария етілмей келді. Бүгін Иранның ИРНА агенттігі Кешм аралында бірнеше жарылыс болғанын растады. Бұған қарамастан Қатардағы арағайындардың көмегімен тараптар арасында бейбіт келісімге келу бойынша әрекеттер тоқтаған жоқ.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14