Атырауда техникадан ақау шығып, жұмысшы қаза тапты
Атырауда автогидрокөтергіштің мұнарасы құлап, бір жұмысшы қаза тапты. 23 жастағы екінші монтер ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы оқиға жоғары вольтты желілердің электр сымдарын ауыстыру кезінде болды. Атырау-Жарық мекемесінің екі электр монтаждаушысы, 6-7 метр биікке көтерілген автомұнараның себетінде жұмыс істеп тұрған. Кенет техникадан ақау шығып, мұнара жерге құлап кеткен. Оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы кешенді тексерісті бастады. Компания 4 баласы жетім қалған марқұмның отбасына және жапа шеккен жігітке өтемақы төленетінін жеткізді.
Индира Мерекен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:1998 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде аралас жарақат, бірнеше қаңқа жарақаты, сол жақ иық мойынының жылжуы. Қабырға, жамбас сүйектің жабық сынуы диагнозымен ауыр халде жатыр. Науқас операцияға дайындалуда.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05