Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон баспаналы болды
Токио олимпиадасының қола жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон баспаналы болды. Ауыр атлеттерге екі және үш бөлмелі пәтер сертификаттарын өңір басшысы Амандық Баталов салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ жаттықтырушы спортшыларды баптаған жаттықтырушы Сергей Седовқа 2 млн теңге сыйақы берілді. Күншығыс елінде Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қос спортшының жетістіктері Жетісу халқының да абыройын асқақтатқанын атап өткен облыс әкімі атлеттердің өз шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасауға сенім білдірді. Спортшылар өз кезегінде бұл нәтижемен тоқтап қалмай әлі де еңбектеніп, Париж олимпиадасында өнер көрсетуге күш салатындарын жеткізді. Жалпы Алматы облысынан Токио олимпиадасына 10 спортшы қатысты.
Игорь Сон, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:Бір жылдан кейін Азия ойындары өтеді. Аздаған жарақаттарым бар. Соларды емдеп алып, осы құрлық додасына дайындалам. Одан кейін Париж олимпиадасы. Бәрі ойдағыдай болса сол жарыстан алтын аламын деген өзіме үлкен мақсат қойып отырмын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14