Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ театрының бір топ актері жұмыстан кетпек
Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ театрының бір топ актері өз еркімен жұмыстан кетпек. Оған баспана мәселесінің шешілмеуі себеп. 2010 жылы өнер ордасының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында 10 қызметкерге пәтер кілттері табысталған болатын. 6 адам жылжымайтын мүлікті заң бойынша жекешелендіріп алған. Қалған 4 қызметкерге баспана «Дәрігерлер үйінен» берілген. Денсаулық сақтау басқармасы уақыт өте келе бұл қызметкерлерді ведомстволық үйден шығармақ болып, сотқа арызданған.Бастапқыда жалдамалы-коммуналдық пәтер ретінде берілген жылжымайтын мүлікті жекешелендіруге рұқсат жоқ.
Асылхан Разиев, актер:Біз басқа пәтер алуымыз керек қой енді түбінде. Қалай жалдап тұра береміз? Пәтер алу үшін біз басқа жұмысқа баруымыщ керек. Жалақымыз 120-130 мыңның аясында. Бірнеше бағдарламаларға берген болатынбыз. Біз по всем параметрам ешқайсысына лекпейміз. Айлық табысымызды жанұямызға шаққанда келмейді.
Мәдениет басқармасындағылар мәселенің оң шешілетінін жеткізді.
Досбол Әбдірейісов, мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушыБұл сұрақ қазір шешілуде. Оны міндетті түрде беретін болады. Бірақта оның қандай бағытта берілетінін, жалдамалы түрде беріле ме, жекешелендіруге бере ме оны нақты айта алмаймын. Осы жалдамалы түрде осы мәдениет саласында істеп жатыр ма, қаншама істеп жатыр соншама тұра берсін деген ұстанымды ұстанып отырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53