Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Оқиға кеше кешкісін «Алматы-Өскемен» тас жолында болған. Куәгерлердің сөзінше жапондық көліктің алдыңғы дөңгелегі жарылып, жол үстінде айналып кеткен. Осы сәтте артында келе жатқан корей автокөлігі бар екпінімен келіп соққан. Соның салдарынан алдыңғы темір тұлпардың жүргізушісі мен бір жолаушы мерт болды. «Өтеген батыр» кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14