Павлодар облысында 11 айлық сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 10 тәуліктен асты
Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 11 айлық сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 10 тәуліктен асты. Аймақ бойынша 180 бала, оның 57-і стационарда ем қабылдауда. Негізі өңірде аурудың таралуы қарқын алып барады. Соңғы тәулікте 351 адамның дертке шалдыққаны мәлім болды. Ал, тұрғындар екпе салдыруға асығар емес. Бүгінгі күні вакцинаның 1-ші компоненті тұрғындардың 56 пайызына ғана егілген. Екінші компонентін алғандар саны әзірге тек 45 пайыз.
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:Жалпы, бүгінгі күні стационарлық емдеуде 1559 адам ем қабылдап жатыр. Төсек-орындардың жүктемесіне тоқталатын болсақ, 47,7 пайызды құрап отыр. Ал, реанимациялық бөлімде 111 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Соның ішінде 24 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 38,9 пайызды құрап отыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15