«Вишневское» серіктестігінің жұмысшылары түгел екпе алған
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «Вишневское» серіктестігінің ұжымы алғашқылардың бірі болып, коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Арада жарты жылдан астам уақыт өтсе де жұмысшылардың ешқайсысы жұқпалы дертпен ауырмаған.
Василий Гаврилюк, серіктестік директорының міндетін атқарушы:Вакцина туралы көп пікір естіп жүрмін. Олардың барлығының вирусология ғылымынан ешқандай хабары жоқ. Тіпті медицина саласына да қатысы жоқ. Біз ондай адамдардың пікіріне құлақ аспаймыз. Мамандардың нұсқауын орындағанды жөн санады. Бала кезден бәріміз түрлі ауруларға қарсы вакцина алып, сақтанып келеміз. Бұл екпенің де олардан еш айырмашылығы жоқ.
Егін және мал шаруашылығымен айналысатын серіктестікте 180 адам еңбек етеді. Жұмысшылар бір адамдай жұмыла вакцина салдыру арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырған.
Станислав Чижаковский, бас зоотехник:Адам өз денсаулығын қорғау керек. Сонда ғана жақындарыңның, әріптестеріңнің ауруына себепші болмайсың. Бізді үгіттеген ешкім жоқ. Қазіргі жағдайда вакцина салдыру қажеттігін ұғындық та, бардық. Себебі екпе бірінші кезекте адамның өзіне қажет.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15