Елде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді
Өңірлерде карантин шаралары жеңілдетілуі мүмкін. Нақтырақ айтсақ Ашық жобасына қатысатын бизнес субъектілеріне демалыс күнгі шектеулер алып тасталады. Үкімет басшысы Асқар Мамин ведомствоаралық комиссияға осы мәселені қарастыруды тапсырды. Қазір елде эпид ахуал ептеп жақсарып келеді. Орташа алғанда ауруханалардың жүктемесі 49, жансақтау бөлімдері 46 пайызға толы. Бірақ, бұған қарап арқаны кеңге салуға болмайды. Вакцинациялау қарқынын әлі де арттыру қажет деді Премьер-министр. Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күз айларындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа болжамын жариялады.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Пессимистік сценарий бойынша ауру жұқтырғандардың саны қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдай, ал оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200, қазанда 1 300 жағдайға жетеді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03