Қостанайдың автовокзалы жабылудың алдында тұр
Қостанай қаласының автовокзалы жабылудың алдында тұр. Жолаушылар санының күрт азаюына байланысты кіріс азайып, мекеме шығынға батқан. Бүгінде қарызы 60 млн теңге шамасында.
Қостанайдың автовокзалының қызметін бұрын күніне екі мыңға тарта адам пайдаланатын. Ал, қазір бос тұр. Былтырғы жылдың 16 наурызынан бастап мұнда халықаралық рейстерге түбегейлі тыйым салынды. Облысаралық қатынас та азайды. Бұрын мекемеде 128 адам жұмыс істесе, қазір он бес қызметкер ғана қалған.Енді жергілікті билік көмектеспесе, 1 қыркүйектен бастап автовокзал жабылмақ. Қазір нысан сатуға қойылған.
Есен Нұрмағанбетов, Қостанай автовокзалы ЖШС директоры:Өз басым облыс орталығын автовокзалсыз елестете алмаймын. Ол жабылса халықтың да қалтасына қиын тиеді. Заңсыз тасымалдаушыларға сенім жоқ. Олар үшін бағаны көтере салу оңай. Қазір Челябі мен Екатеринбургке тариф бес есе көтеріліп кетті. Бұрын жолаушылар Ресейге біз арқылы алты мың теңгемен қатынаса, қазір 25 мың теңгемен барып жүр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14