Алматыда коронавирус жұқтырған 472 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 472 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қала бойынша инфекциялық стационарларда 6 мыңнан аса адам ем қабылдауда. Мегополистің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше бір күнде 1500 тұрғын вирус жұқтырды. Амбулаториялық бақылауда 13 мыңнан аса науқас бар. Вакцина салдырғандардың саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Шаһар бойынша олардың саны 850 мыңға жақындады. Соңғы тәулікте 12 мыңға жуық алматылық коронавирусқа қарсы вакцина алды. Мамандар жансақтау бөліміне түскен науқастардың басым бөлігі екпе алмағандар екенін айтады. Сондықтан түрлі қауесетке сенбей вакцина алуға шақырады.
Азамат Зайыров, қалалық №1 емхананың бас дәрігері
Екпе алған адамдар ауырмайды емес, мутация жүріп жатса ауырады. Бірақ жеңіл түрде өтеді. Ал вакцина алмаған азаматтарымыз ауыр жағдайда қазір ауруханаларда жатыр. Кейбір кісілер өлім жағдайына барып жатыр. Сондықтан тек ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін барлығын екпе алуға шақырамыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50