Ескі ақшаны кез келген уақытта ауыстыруға болады
Енді айналымнан шыққан ескі ақшаны кез келген уақытта ауыстырып алуға болады. Жаңашылдық 2006-шы және одан кейінгі жылдары шыққан купюраларға қатысты. Азаматтардан келіп түсіп жатқан толассыз өтініштерді ескере отырып, Ұлттық Банк осындай шешім шығарған. Тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы толықтырады.
Банкноттардың белгілі бір уақыт сайын дизайны өзгертіліп, жаңасына ауыстырылып тұруы – заңдылық. Бұл – ақшаны қолдан басып шығаратын алаяқтарға қарсы қорғанышты күшейтеді. Мұндай жағдайда ескі ақша бірден айналымнан алынбайды. Халықта қалып қойған ескі үлгідегі купюра біраз уақыт айналымда жүріп, жаңасына ауыстыруға мүмкіндік беріледі.
Серікжан Майданов, ҚРҰБ қорларды жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары:Банкноталар енгізілген жағдайда олар 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноталармен қатар заңды төлем құралы болып есептеледі. Және 3 жыл бойы айырбасталады. Ол 3 жыл біткен соң мерзімсіз тек қана Қазақстан ұлттық банкінің аумақтық филиалдары мезгілсіз айырбастауға қабылдайды.
ұған дейін ескі үлгідегі ақшаны қолда ұстап қалған тұрғындар Ұлттық Банкке өтінішпен көп хабарласқан. Олардың басым көпшілігі егде жастағы адамдар екен. Сол себепті еліміздің бас банкі банкноттарды кез келген уақытта айырбастауға мүмкіндік беріп отыр.
Серікжан Майданов, ҚРҰБ қорларды жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары:12 маусымнан бастап, 2021 жылғы жалпы 66 403 банкнота қабылданған. Жалпы соммасы 163 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта ескі үлгідегі 200 теңгелік банкнот қана айналымнан алынған жоқ. Ол ақша жаңадан шыққан 200 теңгелік «күміс» монетамен қатар жүреді.Банкнот әзірге барлық сауда орындарында, банкоматтарда қабылданады және банкте айырбастап алуға болады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13