Алматылық зиялы қауым өкілдері халыққа қайғырып көңіл айтады
Алматылық зиялы қауым өкілдері халыққа қайғырып көңіл айтады. «Тас түскен жеріне ауыр» деген белгілі актер Асанәлі Әшімовпен пен ақын Ұлықбек Есдаулет марқұмдардың жақындарын бекем болуға шақырды.
Алматыда да қала әкімдігі бас ғимаратының төбесіндегі жалау төмен түсірілді. Ұлт руханиятының жанашырлары онсызда коронавирус індеті қатарымызды сиретіп жатқанда, бейбіт заманда жарылыстан қаза тапқандар қабырғамызды қайыстырды дейді.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі:Барлығымыздың жүрегімізді қобалжытты. Қабырғамызды қайыстырды. Сонда қаза тапқан азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Мықты болыңыздар.
Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:Аптал азаматтарымыз қайтпас сапарға аттанып кетті. Ұлардай шулап, отбасы, қара шаңырағы қалып жатыр. Біз осы отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Айналайындар бекем болыңдар. Берік болыңдар, сабыр қылыңдар. Ел, жұрт, халық қайғыда жалғыз қалдырмайды. Біз сіздермен біргеміз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50