Жамбылдағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды
Бүгін күндізгі сағат 12:20 да әскери бөлімнің аумағынан тағы дүмпу сезілді. Әскери база аумағында жұмыс істеп жатқандар аман, зардап шеккендер жоқ деген ақпарат бар. Қазір тілшіміз Данияр Асқарұлынан соңғы мәліметтерді білейік.
Данияр Асқарұлы, тілші:Түске таман әскери базаның аумағынан тағы да тарс еткен қатты дыбыс естілді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, инженерлік оқ-дәрі сақталған қойма маңында адам болмаған, зардап шеккендер жоқ делінген. Әзірге оқыс оқиғаның себептері анықталуда. Ресми құрылымдар бұдан өзге ақпарат таратпады. Анығы, қазір апат аймағында арнайы қызмет мамандары бел жазбай жұмыс істеп жатыр. Із-түзсіз жоғалған 4 құтқарушыны іздестіруге жүздеген қызметкер жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, жарылыстың салдарынан 13 адам қаза тапты. Олар әскерилер мен төтенше жағдай қызметінің мамандары. Қайтыс болғандардың арасында қарапайым тұрғындар жоқ. Біз жағдайды назарда ұстап, алдағы уақытта нақты ақпарат беретін боламыз.
Данияр Асқарұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05