Жарылыс кезінде зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды
Жарылыс кезінде зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Аймақта жұмыс істеп жатқан комиссия жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлікті анықтады. Оның 112-і тұрғын үй. Өзгелері коммерциялық нысандар. Тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы толықтырады.
Байзақ ауданындағы 35 үй күрделі жөндеуден өтетін болды. Қалған 71-і жеңіл желпі бүлінген, олар да қалпына келтіріледі. Жарылыс ошағына ең жақын орналасқан Қайнар ауылында барлық үйлерге дерлік айтарлықтай зақым келген.
Елді мекенде 19 үй бар. Олардың барлығы күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық әкімдіктің мәліметі бойынша жаңа үйлер салынбайды. Қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік және жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Сондай ақ демеушілердің қаржысына жүргізіледі.
Жандос Байырханов, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі:Үйлерді бұзып тастап салуға қажеттілік жоқ. Үйткені тиісті техникалық шешімдер шығарылып, қабырғаларына қосымша жұмыстар жасалып, шытынаған жерлері, жарылған жерлері түгел арнайы құрылыс сараптамасы беріледі. Соған сәйкес жұмыстар жүргізіп, қалпына келтіретін боламыз.
Апаттан қаза болғандардың несиелері толықтай өтеледі. Аймақтағы ахуалды көзбен көріп, көпшілікпен тілдескен сенат депутаттары осылай деп елді сендірді. Сондай ақ, сенаторлар көмек ретінде 1 күндік жалақысын аударуға әзір екендіктерін жеткізді.
Абдалы Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Бұлай болмау керек еді. Мемлекет басшысы бақылауында. Біз де көмек ретінде 1 күндік жалақыларымызды аударайын деп отырмыз деген сияқты..
Қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия жағдайды егжей тегжейлі зерделеп, материалдық шығындардың да есебін шығаруда. Бұл жұмыстар шамамен 1 аптаға жалғасады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13