Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспары дайындалады
Мемлекет басшысының жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ұлттық жоспар құрылатын болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.
Жалпы, Жолдауда негізгі 5 бастама жарияланған. Құжаттағы басымдықтар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар халықтың нақты табысын арттыруға және де қаражат жинақтауға ынталандыруды көздейтін іс-шаралар қаралған. Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау үшін барлық министрліктер, өңір әкімдері мен өзге де мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеуі керек.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 3 қыркүйекке дейін енгізуді тапсырамын. Ұлттық экономика министрлігі Жалпыұлттық жоспар жобасын 4 қыркүйекке дейін Премьер-Министрдің кеңсесіне енгізсін. Келесі отырыста біз оны қарап, Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін мақұлдауымыз қажет.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14