Жолдау: Жалпыұлттық жоспар дайындалады
Президент жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жалпыұлттық жоспар құрылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Жолдаудағы негізгі басымдықтар тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар халықтың нақты табысын еселеу, қаражат жинақтауға ынталандыруды көздейтін іс-шаралар қаралған. Тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы жиында айтылған өзге де ақпараттармен бөлісуге әзір.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Жолдаудағы негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әр сала бойынша межелі тапсырма беріліп қана қоймай оны орындаудың жолдары да көрсетілген. Тапсырмалар барлық мемлекеттік органдар мен министрліктерге тікелей қатысты. Сондықтан оларды орындау үшін жалпыұлттық жоспар құрылатын болды. Үкімет басшысы ертеңге дейін барлық министрлік өз жұмыс жоспарын тапсыруы керек. Келесі отырысқа дейін пысықтап, Мемлекет басшысының бекітуіне дайындауымыз қажет деді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік экономикалық негізгі басымдықтарын белгілеп берді. Президенттің алға қойған міндеттері мен бастамалары қоғамның сұранысы мен заманауи сын-тегеуріндерге негізделген. Олардың іске асырылуы экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, халықтың әл-ауқатының артуы мен тұрмыс сапасының жақсаруының факторларына айналмақ.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Салаларға ғана емес өңірлерге де ерекше мән беріліп отыр. Аймақтардың табиғи, экономикалық ерекшеліктері ескеріліп, инфроқұрылымдық даму бағдарламасы әзірленеді. Жалпы Құжатта 70-ке жуық тапсырма берілген. Оларды шешу үшін 6 жаңа заң қабылдануы керек. Сондай-ақ, Президент Жолдауында инфляцияның бассыз кеткенін айтып, ұлттық банкті сынға алған. Бас банкир күрес шаралары әзір тұр. Бекітудің соңғы сатысында. Жуырда тізгінді қайта қолға аламыз деп ақталды. Сондай-ақ ұлттық қордың ақшасын жөнсіз пайдалана бермеу үшін көлемін шектейтін қағида енгіземіз деді. Ал, индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәліметі бойынша елде ипотекалық мөлшерлеме 2 пайызға дейін түседі. Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы» банкінің ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10 пайызына дейін төмендетіледі. Өзге министрлер де Жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін атқаратын жұмыстарын баяндады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13